Осы сайт қоғамдастықтың күшімен инфекциялық ауруларды, АҚТҚ, С гепатиті және туберкулезді емдеу үшін аса маңызды препараттардың болмауы және ауытқулар туралы ақпарат жинау үшін жасалған.
Пациент, сөзсіз өзінің денсаулығы үшін және емделу тәртібін сақтауға жауапты болады. Әрі медициналық жүйе де нормативтік-құқықтық құжаттарда қарастырылған кепілдіктерді қамтамасыз ете отырып пациенттердің сұранысына толықтай сәйкес келуі керек.
Қазақстанда АҚТҚ және туберкулезді емдеу үшін препараттар Қазақстанның барлық азаматтарына, сондай-ақ оралмандарға[1] тегін беріледі.
Препараттар әрі қарай медициналық мекемелерге жеткізу үшін «СК-ФАРМАЦИЯ» бірыңғай дистрибьюторымен сатып алынады.
Алайда әртүрлі себептер бойынша адам қажетті өмір үшін маңызды препараттарды толық көлемде алмайтын жағдайлар да болады.
Сайт не үшін жасалды?
Біріншіден, нақты адамның нақты проблемасын шешу, екіншіден, — АҚТҚ, туберкулез және гепатитке шалдыққан пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту.
Сайт кім үшін жасалды?
АҚТҚ індетін, гепатит, туберкулезді емдеу үшін препараттар қажет адамдар үшін.
Осы сайтта хабарлама қалдыру не үшін керек?
- Сайтта қалдырылған ақпарат назардан тыс қалмайды.
- Кеңесшілер және мамандар проблема туралы хабарламаны жеке қарастырады.
- Бір проблема бойынша сайтта хабарламалардың пайда болуы жүйелік қатені анықтауға және оны түзету бойынша шара қолдануға мүмкіндік береді
Сайт кімге тиесілі?
Сайт қоғамдық ұйымның немесе денсаулық сақтау мекемелері жүйесінің ешқандай нақты ұйымына жатпайды.
pereboi.kz сайты «Шығыс Еуропада және Орталық Азияда емдеуге дайындығы жөніндегі одақтың» қолдауымен және АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығының қатысуымен әзірленген.
Жағдайға әрекет ету үдерісі қалай көрінеді?
- Сайтта қалдырылған ақпарат сайттың консультантына түседі. Кеңесші денсаулық сақтау мекемесінің қызметкері емес, пациенттер қауымдастығының өкілі болып табылады. Егер хабарлама қалдырған адам өзінің проблемасын шешкісі келсе, онда байланыс ақпаратын (телефон нөмірін немесе электрондық мекенжайын) қалдыруы керек.
- Кеңесші хабарлама қалдырған адаммен байланысқа шығады және жағдай туралы ақпаратты нақтылайды. Осы кезеңде жағдай шұғыл — тез арада шара қолдану керек пе (мысалы, адамның АРВ-Препараттары таусылып қалды және ол оларды ала алмады) немесе шұғыл, алайда қарауды талап ететін жағдай болып табыла ма, соны анықтау маңызды.
- Кеңесші ауытқулар туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігіне хабарлайды. Шұғыл жағдайларда Денсаулық сақтау басқармасының өкілі проблеманы жылдам арада шеше алатын тұлғалармен (инфекционист-дәрігер, бас дәрігер және т.б.) хабарласады. Егер жағдай шұғыл емес, бірақ жүйелі проблемаларды растайтын болса, сондай-ақ осындай бірнеше жағдайлар туралы хабарлама болса, ақпарат жиналады және Денсаулық сақтау министрлігінің уәкілетті өкілінің бастамасы бойынша құзырлы инстанцияда қаралады.
- Кез келген жағдайда адамның өз проблемасын заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес жазбаша, ауызша нысанда, сондай-ақ электрондық өтініш арқылы өз бетінше шешуге құқығы бар. Егер адам осы тәсілді таңдайтын болса, консультант ақпарат береді және өтінішті ресімдеуге көмек көрсетеді.
Хабарламалардың жасырындығы:
- жасырын хабарламалар (қандай да бір байланыс деректерінсіз) қабылданады, бірақ неғұрлым нақтырақ ақпарат алу мүмкін болмауына байланысты жағдайды анықтау қиынға соғады;
- проблеманы шешуді жеделдету үшін біз сізден толтыруды сұраймыз). Бірқатар жағдайларда бұл сіздің байланыс деректеріңізді көрсетпей-ақ та жасалуы мүмкін.
- сіздің байланыс деректеріңіз (телефон және электрондық мекенжай) бәріне бірдей қолжетімді болмайды, ол осы сайттың консультанттарына ғана көрінеді.
[1]Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы 04.11.2011 ж. № 786 бұйрыққа сәйкес. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында.